Написать небольшое сочинение на казахском на тему мой любимый герой- "Сүйікті кейіпкерім"
Answers & Comments
katushaivanova1
Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған «Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.Қазақта жау төбесіне атой салып, ат ойнатқан ерлер аз болған жоқ. Оларды бүгінгі бейбіт замандағы ұрпақтар бірін білсе, бірін білмей жатады. Сондықтан осы асыл текті батыр бабаларды ұмытпай, осындай жайма-шуақ күндері де жадымызда сақтағанымыз жөн. Ал бұл турада кітаптың атқарар маңызы зор.
Answers & Comments