moseychuk99
Әрине, онша сұлу көрініс емес. Дегенмен, көлігі «шыр» ете қалса, яғни, сигнал берсе, егесі бас-көз болатындай мүмкіншілігі бар. Сосын, автокөлік пен футболшылар ғана емес, ауламыздың үлкен-кіші, кәрі-жас тұрғындары да жетерліктей. Әсіресе, жас балалар өте көп. Олардың аулада өздерін қалай ұстайтындарына әуре болып, сия кетірмей-ақ қояйын. Өзіңіз де көз алдыңызға елестеткен шығарсыз. Зу да зу ғой... Бір күні ауламызға қуанышты хабар келді. Аула кемпірлерінің аузында: қалалық әкімшілік әр ауланы күрделі жөндеуден өткізеді екен. Балаларға арналған алаңшалар салынып, автотұрақтар салынып, көліктер бет-алды тұрмай, тәртіпке келіп, пәлен үйдің ауласын жөндеп, түген үйдің алдын сәндеп, жиекшелерін ауыстыратын болыпты-мыс деген гу-гу әңгіме. Айтқандай-ақ, көп ұзамай құрылысшылар келіп, оны-мұны жұмыстарын бастап та кетті. Бомбы жарылғандай, дем арасында ауламыздың астан-кестені шықты. Үйдің бір қожайыны өзім болғасын, ерінбей жұмысшыларға барып, «бастығымыз осы» деген жігітке жолықтым. Ол жігіттің түр-түсін суреттемей-ақ қояйын. Кәдімгі қазақ жігіті. Сондағы сұрамақ болғаным: ауламыздың тағдыры не болады, не істеп, не қоясыңдар... деген сияқты қарапайым сұрақтар. Әлгі жігіт ауламыздың кескінін қағазға сызып көрсетпесе де, келбетін суреттеп берді. Қолының ұшын пайдаланып, ары-бері ербеңдетіп, балалар алаңшасы қай жерде, кемпір-шалдар отыратын жер қайда, көліктердің тұрағы қай жер болатынын тәптіштеп түсіндірді. Түсіндім. Жақсы екен. Күдігім сейіліп, көңілім бір марқайып қалды. Жоспарымда Астанаға барып келу бар еді. Алаңсыз кете бердім.
Answers & Comments
Бір күні ауламызға қуанышты хабар келді. Аула кемпірлерінің аузында: қалалық әкімшілік әр ауланы күрделі жөндеуден өткізеді екен. Балаларға арналған алаңшалар салынып, автотұрақтар салынып, көліктер бет-алды тұрмай, тәртіпке келіп, пәлен үйдің ауласын жөндеп, түген үйдің алдын сәндеп, жиекшелерін ауыстыратын болыпты-мыс деген гу-гу әңгіме.
Айтқандай-ақ, көп ұзамай құрылысшылар келіп, оны-мұны жұмыстарын бастап та кетті. Бомбы жарылғандай, дем арасында ауламыздың астан-кестені шықты.
Үйдің бір қожайыны өзім болғасын, ерінбей жұмысшыларға барып, «бастығымыз осы» деген жігітке жолықтым. Ол жігіттің түр-түсін суреттемей-ақ қояйын. Кәдімгі қазақ жігіті. Сондағы сұрамақ болғаным: ауламыздың тағдыры не болады, не істеп, не қоясыңдар... деген сияқты қарапайым сұрақтар. Әлгі жігіт ауламыздың кескінін қағазға сызып көрсетпесе де, келбетін суреттеп берді. Қолының ұшын пайдаланып, ары-бері ербеңдетіп, балалар алаңшасы қай жерде, кемпір-шалдар отыратын жер қайда, көліктердің тұрағы қай жер болатынын тәптіштеп түсіндірді. Түсіндім. Жақсы екен. Күдігім сейіліп, көңілім бір марқайып қалды. Жоспарымда Астанаға барып келу бар еді. Алаңсыз кете бердім.