Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» - Абайдың 1898 ж. жазған өлеңі. 4 тармақ 3 шумақтан тұрады. Бұл жыр да өлім жайын толғайды. Бұдан бұрын да, басқа классик ақындарша, Абай да өлім жөнін ауызға оқта-текте ала жүретін. Бірақ анық өзінің шындығымен, ерекше жол жағдайымен байланысты өзгеше бір ойлы мұңнан туған саналы сырдың жыры осы өлең.
«Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..» - Абайдың 1898 ж. жазған өлеңі
Жалпы алғанда, бұл жырдың тақырыбы - ойшыл адамның, әсіресе сыршыл ақындардың анық тоқтайтын тақырыбы. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлі сыр болады. Бұл өлеңде көп жайдың түйіні бар. Кеше ғана көрген соққының салдары ғана емес, өмірінің ұзын бойын шолып келіп, дәл осы жылда өлімді айтып отырған Абай аса қымбат қасиет табады. Ол келешекпен тілдеседі. Өз халқының кейінгі ұзақ тарихына өлместік із қалдырып отырғанына сенім артады. Қасиет дейтініміз - елім жайынан бастап, өлместің сырына ауысады. В. Г. Белинскийдің А. С. Пушкин жайында айтқан бір пікірінде: «Ақын - данышпанның қайсысы болса да алдыңғы заманды аша алмайды, бірақ әр кезде ол келешектің, көпшілік көзіне көрінбестің мазмұн мен мәнін болжай біледі», - деген. Әрине, Абай да өз халқының болашағын сол Белинский айтқандай болжаған. Халқының келешегіне, тарихына айқын етіп айтқан шешуі жоқ, ол, Белинский айтқандай, мүмкін де емес. Бірақ, сонымен қатар, Абай өзі өмір кешкен заманнан басқаша, артық заман болатынын болжайды. Сол заманның адамымен сөйлескендей болады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: