дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұйқыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер жетіп артылады. Соның зардабы болар, тіпті, жасы отызға жетер-жетпесте қарындары шығып, демігіп қалатын азаматтар мен келіншектер көбейіп кетті. Бұл – жалғыз бізде емес, әлемнің біраз елдерінде қалыптасқан ахуал. Айталық, еуропа елдерінде көпшілік жылдам дайындалатын «хот-дог», «гамбургерді» оқу орындары, мектептерде сатуға тыйым салды. Өйткені, жылдам ас жеу мен майлы тамақтан мектеп оқушыларының, жастардың арасында шамадан тыс салмақ қосып, семіздік ауруына шалдыққандар аз емес көрінеді. «Хот-дог» пен «гамбургерлер», «твистер» немесе осы тақылеттес дәмдер сататын орындар Астанада да жетіп артылады. Фаст-фудттарда иісін бұрқыратып, тез жасайтын дәмдердің құрамында май, химиялық қоспаларға қоса, түрлі дәмдеуіштер баршылық. Олар семіруге көп әсер етеді. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, жер шары тұрғындарының 30-35 пайызы семіздіктен зардап шегеді екен. Бұл – бір, екіншіден, қазір асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбейді. Мұндай сырқаттардың себебі, асты жөнсіз көп әрі асығыс ішіп-жегеннен дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы тамақтану факторына тікелей байланысты. Сондай-ақ, чипсы, сағыз, чупа-чупс, шоколад сынды тәттілерді ең көп жейтіндер – балалар мен жастар. Олардың да құрамында денсаулыққа зиянды заттар баршылық. Әсіресе, балалар құмартатын «Nesquik», «Snikers», «Orbit», «Coca-cola»-ның құрамында химиялық қоспалар өте көп. Солай бола тұра біздің дүкендерде көп сатылады, ата-аналар да осыларды сатып алып береді. Нәтижесі белгілі, атын естімеген сырқаттар белең алды. Бабаларымыз айтқан «Ауру – астан» деген осы. Сосын балалардың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Адам тәулігіне 5 рет тамақтануы тиіс, – дейді диетолог-дәрігерлер. Әр тамақтанғанда ас мөлшері 200 грамнан аспай, яғни, адам ас ішкенде тоя жемей, тек қарынның ашқаны басылғандай мөлшерде ғана тамақтануы тиіс. Әрі кешкі сағат 6-7-ден кейін мүлде ас ішпеу керек. Сонымен қатар, көп қимылдап, әсіресе, жаяу жүріп, жүгіріп, бір сөзбен айтқанда, күн сайын бойдағы энергияны сыртқа шығарып отырған жөн. Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған сүт, айран, құрт, май сияқты өнімдерді қолданып, төл сусынымыз шұбат пен қымызды ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасақ та белгілі. Әйтпесе, бұрын-соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың мұндай белгісіз азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Сондықтан, дұрыс тамақтана білейік!
Answers & Comments
Ответ:

ауру астан деген соз бар бойымызда жайланган дерттің коды дұрыс. көп нәрсенің зияны біле тұра тұрмысты қолданамыз.
Объяснение:
просто кратка