Bibi93
Жұлдыздар – түнгі аспанда жарқыраған нүктелер сияқты көрінеді, бірақ шын мәнінде, олар алыс қашықтықта жатқан шар тәріздес денелер. Олардың көп болғаны соншалық, жалпы санын анықтау мүмкін емес. Көлемі үлкен жұлдыздардың өмір сүру ұзақтығы қысқа. Ең ыстық жұлдыз – Тапанша жұлдызы (Пистолетная звезда). Ол Күннен 10 миллиард есе жарық. Олар сутегі (шамамен 3/4) және гелийдан тұрады (шамамен 1/4). Жасы ұзарған сайын гелий көбейіп, сутегі азаяды. Ең көп көп таралғаны – қызыл карликтер. Олар шамамен 10 триллион жыл өмір сүреді. Ғарыштың ең үлкен жұлдызы – Күннен 1800 есе үлкен. Жұлдыздар бізден өте үлкен қашықтықта орналасқан. Жерге ең жақыны – Проксима Центавра деп аталады. Заманауи ұшақ кемесімен оған 70000 жылда ғана жетуге болады. Қызыл жұлдыздар – ең суық, ал көктері – ыстық. Нейтрон жұлдызының тығыздығы атом ядросының тығыздығымен бірдей. Біздің Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 миллиардтан асады. Бірақ, бізден басқа жүздеген миллиард Галактика бар. Сондықтан, олардың жалпы санын тіпті шамамен айту, өте қиын. Жыл сайын біздің Галактикада 50 жаңа жұлдыз дүниеге келеді. Киль – ең ауыр жұлдыз болып саналады, оның массасы 150 Күнмен бірдей. Өмірінің аяғында жұлдыздар – ақ карликтерге айналады.
Answers & Comments