guchi2001Наурызжауһаз сырларыНаурыз -көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқында ерекшеқұрметтейді. Қыстың ауыртпалығына мойымай шыққан адамдар мен жан-жануарларарқаларын кеңге салды. Көктемнің жұпардай аңқыған ауасымен тыныс алып, кеуделерінзор қуаныш кернейтін еді.Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Иә, барлықадамдардың да, жануарлардың да сағына күткен көктемгі мейірімді де, қуаныштыжылы күндері де жетті. Наурызсөзі парсы тілінің нау - «жаңа», руз - «күн» деген сөздерінен қалыптасып,жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» депатаған. Мейрам күні үлкен-кіші сәнді киініп, бір-бірлеріне қонаққа барады, бір-бірінкешіріп, жақсы тілектер айтады. Наурыз күні Наурыз көже пісіріледі.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалу тиіс. Өмір сүру үшін маңыздыбелгіні: су, ет, май, ұн, тұз, дәндер және сүтті білдіреді. Қазақтар үшін жетісаны қасиетті сандардың бірі. Бұл күні барлық адамдар өнерлерін ортаға салады.Дәстүр бойынша наурызда айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суықпен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мерекеде жастар алтыбақан тебеді, соныменқатар ауылдық жерлерде ұлттық ойындар ойнайды, ақ сақалды аталар ақ бата береді. Көңілдіөткен Наурыз мерекесі әр адамның есінде көпке дейін сақталады. «Бұлақ көрсең көзін аш»- деп адамдар айналадағы бұлақтардың көзін ашады.«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең,он тал ек»- деп жастарбұлақ басына тал егеді. Әз-Наурыз - барша халықтың асыл мұрасы. Наурызкүнінің мәні халықтың қайырымдылықты, мейірімділікті,еңбекті ерекше бағалауында,шаруашылықты қастерлеуінде жатыр. Оны әрқашан келер ұрпаққа дәріптеп отырған абзал.Барша ұлттардың басын қосып, татулыққа, әдептілікке, тәрбиелікке, сыпайлық пендостыққа үйрету қажет.
Answers & Comments