Напишите сочинения на тему Ата анаң бақытты болсын десең
Answers & Comments
bmasterti
Жалпы қазақ халқының өмірін реттеп отырған заңдар тарихына көз жүгіртетін болсақ, ойға бірден «Жеті Жарғының» сап ете қалатыны түсінікті. Бұл мағынасы өте кең, әрі ел жадына терең сіңген киелі ұғым. Еліміздің бір тудың астына бірігіп, мемлекет билігі Әз Тәукедей алдияр хан, Төле, Қазыбек, Әйтекедей дана билердің қолына тиген «алтын ғасырда» дүниеге келген заң болатын. Халқымыздың ауыз бірлігі мен тұтастығына, іргелі ел болуына ұйытқы болған, тәлімі терең тәрбие, ынтымақ пен жарастық берген дәстүрлі құқықтың алтын арқауы. Киелі санға негізделген «Жеті Жарғының» құқықтық ауқымы өте кең. Ол өз заманында мемлекеттік билікке қатысты барлық талаптарды қамтыған және жеке азаматтардың құқықтық жауапкершілігі мен міндеттерін айқындап берген конституциялық заң үлгісі. Қазақ хандығы құрылған заманнан бері келе жатқан ұлтымыздың дәстүрлі құқығына тән әдет-ғұрыптарын, хан жарлықтарын, заң қағидаларын сараптаған реформалық маңызы зор құқықтық туынды. «Жеті Жарғы» ең алдымен мемлекеттік биліктің мықтылығын және саяси тұтастығын қамтамасыз етті. Оған қоса, алты алашқа әйгілі билердің заң шығарудағы біліктілігін дәлелдеп берді. Ертеден бері Қазақ хандығындағы сот әділдігін жүргізуде «жарғы» сөзі көп мағынада қолданылған. «Жарғы» – шешім, «жарғышы» – судья. Әбден тілсіңді болған «Қара қылды қақ жарған» деген даналық сөзді талдап көрейік. Қара қыл – өте жіңішке, оны екі жағына артық-кем жібермей тең жарып беру – ең әділ бидің ғана қолынан келер имандылық ісі. Қазақ хандығының Ата заңы іспетті мемлекеттік зор құқықтық беделге ие болған «Жеті Жарғының» атауында осындай тереңнен келе жатқан тарихи сабақтастық бар. 1995 жылдың 30-тамызында қабылданған қазіргі күнгі Конституцияға келетін болсақ, мұнда ең негізгі құндылық ретінде адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленген. Адамның құқығы болмаса, жалпы адамның өзі де өмір сүре алмайтындығы да рас. Конституцияның баптарының үштен бірі адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін бекітетіндігі жалпы мемлекет үшін адамның ең жоғарғы сатыда тұрғандығын көрсетеді. Кез-келген азамат өзінің заңды мүдделерін Ата заңда белгіленген тәртіп бойынша, яғни, сот билігінің көмегімен қорғай алады. Ал сол құқықтарды қорғаушы сот билігіне келетін болсақ, аталмыш билік тармағының құрылымы, өкілеттігі мен қызметін реттейтін толыққанды нормативті-құқықтық заңнама қалыптастырылған. Біздің еліміздің дамуындағы басты мақсаттардың бірі құқықтық мемлекет болса, осы тұрғыда бірталай шаруа істеліп, сот жүйесінің тәуелсіз әрі нақты басқару құралдарына ие болуы үшін құқықтық негіз жасалып отыр. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі арасындағы қарым-қатынас тек қана заңмен реттелген тәртіпте болуы тиіс екендігі құқықтық нормалармен бекітілген. Бұл орайда әрбір іс бойынша шешім шығару барысында сот билігінің өкілі – судья тек қана Заңға бағынып, соған ғана негізделуі қажет екендігі де қазіргі күнгі тайға таңба басқандай. Ал заңмен бекітілген билікті дұрыс жүзеге асыра білу судьяның біліміне және өмірлік тәжірибесіне байланысты екендігі анық. Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігіне, бостандығы мен татулығына салиқалы қызмет көрсетіп келе жатқан Конституциямыздың келешегі бұдан да зор. Осы он бес жыл ішінде Ата заңымыз демократиялық мемлекет құру жолында еліміз бойынша жүргізілген құқықтық реформалардың жүзеге асуына және ойдағыдай дамуына тыңғылықты үлес қосты. Конституцияның алғашқы бетіндегі: «адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына» деп көрсетілуі – әр азаматтың мерейін өсіретін киелі ұғым.
Answers & Comments
Киелі санға негізделген «Жеті Жарғының» құқықтық ауқымы өте кең. Ол өз заманында мемлекеттік билікке қатысты барлық талаптарды қамтыған және жеке азаматтардың құқықтық жауапкершілігі мен міндеттерін айқындап берген конституциялық заң үлгісі.
Қазақ хандығы құрылған заманнан бері келе жатқан ұлтымыздың дәстүрлі құқығына тән әдет-ғұрыптарын, хан жарлықтарын, заң қағидаларын сараптаған реформалық маңызы зор құқықтық туынды. «Жеті Жарғы» ең алдымен мемлекеттік биліктің мықтылығын және саяси тұтастығын қамтамасыз етті. Оған қоса, алты алашқа әйгілі билердің заң шығарудағы біліктілігін дәлелдеп берді.
Ертеден бері Қазақ хандығындағы сот әділдігін жүргізуде «жарғы» сөзі көп мағынада қолданылған. «Жарғы» – шешім, «жарғышы» – судья. Әбден тілсіңді болған «Қара қылды қақ жарған» деген даналық сөзді талдап көрейік. Қара қыл – өте жіңішке, оны екі жағына артық-кем жібермей тең жарып беру – ең әділ бидің ғана қолынан келер имандылық ісі.
Қазақ хандығының Ата заңы іспетті мемлекеттік зор құқықтық беделге ие болған «Жеті Жарғының» атауында осындай тереңнен келе жатқан тарихи сабақтастық бар.
1995 жылдың 30-тамызында қабылданған қазіргі күнгі Конституцияға келетін болсақ, мұнда ең негізгі құндылық ретінде адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары белгіленген. Адамның құқығы болмаса, жалпы адамның өзі де өмір сүре алмайтындығы да рас. Конституцияның баптарының үштен бірі адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін бекітетіндігі жалпы мемлекет үшін адамның ең жоғарғы сатыда тұрғандығын көрсетеді. Кез-келген азамат өзінің заңды мүдделерін Ата заңда белгіленген тәртіп бойынша, яғни, сот билігінің көмегімен қорғай алады.
Ал сол құқықтарды қорғаушы сот билігіне келетін болсақ, аталмыш билік тармағының құрылымы, өкілеттігі мен қызметін реттейтін толыққанды нормативті-құқықтық заңнама қалыптастырылған. Біздің еліміздің дамуындағы басты мақсаттардың бірі құқықтық мемлекет болса, осы тұрғыда бірталай шаруа істеліп, сот жүйесінің тәуелсіз әрі нақты басқару құралдарына ие болуы үшін құқықтық негіз жасалып отыр.
Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі арасындағы қарым-қатынас тек қана заңмен реттелген тәртіпте болуы тиіс екендігі құқықтық нормалармен бекітілген. Бұл орайда әрбір іс бойынша шешім шығару барысында сот билігінің өкілі – судья тек қана Заңға бағынып, соған ғана негізделуі қажет екендігі де қазіргі күнгі тайға таңба басқандай. Ал заңмен бекітілген билікті дұрыс жүзеге асыра білу судьяның біліміне және өмірлік тәжірибесіне байланысты екендігі анық.
Еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігіне, бостандығы мен татулығына салиқалы қызмет көрсетіп келе жатқан Конституциямыздың келешегі бұдан да зор. Осы он бес жыл ішінде Ата заңымыз демократиялық мемлекет құру жолында еліміз бойынша жүргізілген құқықтық реформалардың жүзеге асуына және ойдағыдай дамуына тыңғылықты үлес қосты. Конституцияның алғашқы бетіндегі: «адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына» деп көрсетілуі – әр азаматтың мерейін өсіретін киелі ұғым.