Таулар – жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі. Ұзындығы жүздеген және мыңдаған км-ге дейін созылады. Негізінен түзу сызықты (Үлкен Кавказ, Пиреней) немесе доға тәрізді (Альпі, Карпат) көтерілімдер болып келеді.
Объяснение:
Таулар алып жатқан көлеміне,құрылымына,жасына қарай: Жота, Тау Жүйесі, тау массиві, таулы қырат, таулы үстірт, тау сілемі болып бөлінеді. Аралықтарындағы аласа көтерілімдер, оларды бөліп тұратын ойпауыттардың (тауаралық ойпаңдар, тау аңғарлары, т.б.) бір-бірімен үйлесуінен тілімделеді. Таулар жерсілкінулер мен жанартау атқылауынан жиі көтеріліп, әдетте тектоник аймақтарда қалыптасады. Пайда болуына қарай тектоник таулар – қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды, бірнеше км-ге көтерілуімен және жер бедерінің қарқынды қалыптасуы мен терең тілімделуімен ерекшелінеді; эрозиялық Таулар – неотектоникалық көтерілімдерге ұшыраған, өзен аңғарларымен және уақытша ағын сулармен тілімделген, жер бетінің үстірт тәріздес көтеріңкі бөлігі; жанартаулық Таулар – жас таулы аймақ немесе көне платформалық құрылым үстіндегі жанартаулық конус, жоғары көтерілген лавалық жабынды таулар болып бөлінеді.
Answers & Comments
Ответ: