Н.Б. Қайраттың «Роботтардың пайдасы мен зияны» мақаласына аннотация жазыңыз.
Аннотацияның жоспары (үлгі).
1. Мақалада қандай мәселе қозғалады?
2. Мәселе қалай қарастырылған?
3. Автор нені зерттеген?
4. Алынған мәліметтер бойынша не анықталды?
5. Қандай қорытынды, ұсыныс жасалды?
6. Мақала қалай жазылған?
Answers & Comments
Ответ:ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам организмі ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз.