Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзіннің алғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.Олар азайып, жылдар өткенсоң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзіннің табиғи қалпын сақтауы қажет. өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады. Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп.
1 өндірісі дамыған елдер жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне қандай қауіп турады ?
2 отанымыздың табиғатын не істеуіміз керек?
3 оны қалай сақтап қалуға болады?
4 қорықтардың мақсаты қандай?
5 табиғатты қорғауда біздің үлесіміз қандай?
Ответте на вопросы позязя
Answers & Comments
Verified answer
1. Олардың азайып, жылдар өткен сайын тіпті жойылып кету қаупі бар.2. Отанымыздың табиғатын қорғауымыз керек.
3. Ол үшін аң құстарды атпай, ағаш, гүлдерді сындырып, жұлмай, аяқпен таптамай аялауымыз керек.
4. Қорықтардың мақсаты ормандарды, өсімдіктерді, жан-жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтау.
5. Біздің үлесіміз қоршаған ортаны ластап, бүлдірмеу.