Адам баласы тірлігінде кіммен араласпайды, кіммен жақын болмайды. Солардың ішінде жаны сенімен бірге, көңілі жарасқан достық табу қиын. Дос - жолдас болып жүріп байғұс жүрегіңнің дал-дұлын шығарып кетсе, ол адам тірі жүрсе де өлі. Сондықтан Абай: «Өлді кейі, кейі -жау» дейді. Егер шынында өлген адам болса, ақынның аруақты қозғамасы белгілі. Өйткені ақынның «Қазақтың өлгенінің жаманы жоқ, сауының жамандықтан аманы жоқ»дейтін ұлағатты сөзі бар. «Жүрегім менің - қырық жамау» деген терең мағыналы, әрі бейнелі ғажап теңеуді Абайға дейін ешкім айтқан емес. Неге ол «қырық жамау» деген сұраққа ақынның өзі бір ғана сөзбен жауап береді: «Қиянатшыл дүниеден!» Расында мынау жарық дүниенің асты толған күнә, толған қиянат. Адам баласы өзімен бірге туған бауырымен, екінің бірі, егіздің сыңарымен келісе алмай, өмір бойы араз болып, бірімен-бірі араласпай, жат болып, бөтен болып өтері хақ
Answers & Comments
Ответ: