ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ (1691—1769) Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі. Бала кезінде бітімі кесек, тулғалы Ерасылды жеңгелері „Нар бала" атаса, жездесі қайрат-күшіне, батылдығына сүйсініп, „қабан" деп атап кетеді. Ержете келе жойқьш күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырда „Қабанбай" есім айбьнды сес қалпында сақталып қалады.1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі күшін үш қабат қоршап алып,жойып жіберді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенін өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстанды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады.
Answers & Comments
ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ
(1691—1769)
Қабанбай жастайынан жоңғарлардың жауыздығын көзімен көрген еді. Жеті жасқа толғанда әкесі Қожағул батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа келгенде ағасы Есенбайды қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Осы екі қатыгездік қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Жас батыр жалғыз жортып, қалмақтың ел шапқьш батыры Жырғыл мен Асыланды ебін тауып өлтіріп, кегін қайтарады. Осыдан соң Қабанбай ауылында қала алмай, Керей еліндегі жездесіне келеді де, онда жылқыға тиген шапқыншыларға қарсы айқаста көзге туседі. Бала кезінде бітімі кесек, тулғалы Ерасылды жеңгелері „Нар бала" атаса, жездесі қайрат-күшіне, батылдығына сүйсініп, „қабан" деп атап кетеді. Ержете келе жойқьш күшімен, алғырлығымен, қайтпас қайсарлығымен танылған батырда „Қабанбай" есім айбьнды сес қалпында сақталып қалады.1750 жылдардың орта шенінде Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізі күшін үш қабат қоршап алып,жойып жіберді. Осыдан кейін Қабанбай батыр Қас өзенін өрлеп барып, Арыстанды тауының баурайына қоныстанды. Сол таудың мұзды басы Қабанбай шыңы деп аталады.