Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдар-ламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.
Бұл айтылғандарды жүзеге асыру үшін, Word Pad мәтіндік редакторы қолданылады.
Answers & Comments
Ответ: