Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғыздыа
Аты жоқ құр арбаны 3
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенде танықтай.
5
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп, жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жасөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
ҰМТЫЛЫҢЫЗ, қалыспай!
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
«Өнер — жігіт көркі»,
— деп
Ескермедік мақалды.
Біз болмасаң, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды. .
(Ы. Алтынсарин)
Напишите пажалусто что я понил из этого стиха ʕ´•ᴥ•`ʔ
Answers & Comments
Ответ:
бата ғой яғни құр жатпаңдар менің үмітімді ақтаңдар.Сендерге бердім батамды деп тур