Әдебиет пен өнері. Қазақ әдебиетінің ежелгі бастаулары б.з.б. 3 – 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбігендігі соңғы уақыттардағы ғыл. ізденістер барысында толық дәлелденді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері ұлттық әдебиетке тікелей қатысты үш түрлі мәселенің басын ашып берді. Біріншіден, қазақ жазба әдебиетінің түп-тамыры Түрік қағандығы тұсынан басталатыны белгілі болды. Екіншіден, өз дәуірінің кескін-келбетіне сай дамыған мәдениеті мен өнерінің болғанын айғақтады. Үшіншіден, жазба жәдігерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежірелік сипатымен және ой тереңдігі, мазмұн байлығы, көркемдік қасиеті жағынан түркі тайпаларында сөз өнерінің жоғары дәрежеге жеткенін көрсетті. Жазба ескерткіштерінде ауыз әдебиеті үлгілерінің мол орын алуы, кейін сопылық поэзияда фольклорлық түрдің қолданылуы – фольклорлық мұра қашан да жазба әдебиеттің қайнар көзі, өркен жаюына ықпал жасайтын үлкен арна болғанын аңғартады. Халықты тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс ретінде фольклор ұлттың көркемдік ой-көзқарасын, эстет. талап-талғамын, танымдық түсінігін қалыптастырумен қатар, түркі әдебиетіне ғана тән әдеби дәстүр туғызды (қ. Ауыз әдебиеті). Түрік қағандығы құлағаннан кейін түркі тілді тайпалардың мәдениеті, өнері, әдебиеті және тілінің тарихи дамуы мен өркендеуінің негізгі орталығы қазақ даласы болды. Қазақстан мен Орта Азияда ислам дінін таратушылар түркі тайпаларының арасында мұсылмандықты рухани байлықтың ықпалымен орнықтыруға күш салды. Алайда арабтардың мәдени және әдеби мұрасы, рухани дүниетанымы мен дамуы мүлде бөлек елдің ғасырлар бойы жасаған дәстүрін бұзып, не жойып жібере алмады. Керісінше, оны байытып, өркендеуіне ықпал жасады. Осыған байланысты тарих сахнасына шыққан түрік даласы даналарының, өнер иелерінің, ғылым қайраткерлерінің көркем шығармалары мен ғыл. зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей ықпал етті. Осы кезеңдегі ғалымдардың еңбектерінен 10 – 12 ғ-лардағы түркі халықтарына тән ортақ мұра болып саналатын көркем әдебиеттің өркендеуіне орай туындаған сыншылдық-эстет., ғыл.-зерттеушілік, әдеби-теор. ой-пікірдің ояну дәуірін көруге болады. Бұл кезеңде мәдениет, ғы-лым, әдебиет, сәулет өнері өркендеді. Оның ішінде сөз өнеріне деген құрмет ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің дамуына ықпал жасады, филол. білімдер жүйесімен айналысу тек көркем әдебиет өкілдері ғана емес, барша зиялы қауымға тән құбылыс болды. Шешендік өнерді меңгеру, нақышты сөйлей білу, өлең шығару қабілетіне ие болу – білімді деп саналатын адамдардың міндетті түрде игеруге тиісті қасиеттеріне айналды. Ғыл. еңбектердің көркем үлгіде келуі оның басты сапаларының бірі ретінде танылды. Тіпті жаратылыстану ғылымымен шұғылданушылар да филология, поэтика, риторика мәселелері туралы трактаттар жазды. 9 – 12 ғ-ларда ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің дамуы сөз өнерінің көркемдігін, бейнелілігін, тәрбиелік мәніндегі қажеттілігін түсінуге деген алғашқы түсініктерді қалыптастыра бастады. Осылайша мәдениеті мен ғылымы, өнер-білімі, тіл мен әдебиеті даму жолына бет алған түркі халықтарына 13 ғ-да басталған моңғол шапқыншылығы аса зор зардаптар әкелді. Алайда түркі халықтары ғасырлар бойы қалыптасқан фольклоры мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін жоғалтқан жоқ. 13 – 15 ғ-лар арасында жасалып, Алтын Орда дәуірінен қалған мәдени, әдеби, тарихи мұралар, жазба ескерткіштер, қолжазбалар, көркем шығармалар, сөздіктер мен аудармалар, шежірелер қазақ халқына да тән мұралар болып саналады. Аталған кезеңдерді қорыта келгенде қазақ халқының этн. тұрғыдан ұйысып, жеке ұлт болуына дейінгі түркі халықтарына ортақ әдеби үрдістің қазақ әдебиеті де заңды мұрагері болып табылатындығы ғыл. тұрғыдан жан-жақты дәлелденіп, тұжырымдалды. Қазақ хандығының мәдениеті, өнері, әдебиеті бұрынғы қазақ даласын жайлаған түркі тайпаларының ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасының дәстүрлі жалғасы ретінде, көркемдік дамудың тарихи сабақтастығы принципіне сай дами бастады. Қазақтың халық ауыз әдебиеті ұлттық сипат алып, жанрлық түрлері көбейді, әсіресе жаугершілік заманның эстет. талап-тілегіне сай эпостық жырлар молая түсті. Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңінен қанат жайды. Қазақ жыраулары ертедегі түркілердің жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдік, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып, өркендетті. Жыраулар поэзиясы филос.
Answers & Comments
Ответ: