«Әнші құм» Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан ,Кіші Қалқан тауларының қасында жатыр.Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 , ені 3 шақырым. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Жібек жолының бойында орналасқан осы «Әнші құмның» үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрған. «Әнші құм» табиғат ескерткіші ретінде мемлекет қамқорлығына алынған.
Ол «Алтынемел» ұлттық саябақ (1996 жылдан) құрамына кіреді.
Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз
Answers & Comments
Ответ:
1 ақпарат:Әнші құм Жетісу жеріндегі үлкен қалқан,кіші қалқан тауларының жанында орналасқан
2 ақпарат:бұл жерден сырнайға ұқсас үн естуге болады
3 ақпарат Бұл әнші құмды табиғат ескерткіші ретінде Алтынемел ұлттық саябағына 1996 жылдан бері құрамына кіреді.
Объяснение:
жауабы осы енді