Нужен пересказ (краткий если можно) Заранее спасибо
Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген сон, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып танып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі:
- Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрады. Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді:
- Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- деді.
Answers & Comments
- Аяғын ауырып жатқан жоқ па? - деп сұрайды. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, сынықшыға сыбырлап былай дейді:
- Өте қатты ауырып жатыр, бірақ менің қиналғанымды көрсе, әжем де қиналмасын деп, шыдап жатырмын, - деді.