нужен перевод. Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл -Дивали "жарық пен оттар мерекесі "деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде - бір терезені көре алмайды екенсің. Əйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып, көркемдейтін көрінеді.
Answers & Comments