Қабат-қабат қаптама. Ақылың болса аттама./Кітап/
Ұзын-ұзын,ұзын жол, Ұшына жеткен бар ма екен? Түбі терең қара су, Түбіне жеткен бар ма екен? Түбіне жетіп бұл судың Қанып ішкен бар ма екен?/Оқу/
Астында төсегі бар салған тағы, Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы, Теңізден салған жолы сайрап жатыр, Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы./Қалам/..
Бір ыдыс әркімдерге болған аян, Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян. Әркімнің қолында жүр оның суы, Ол судан ақыл табар барлық адам./Сия
Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр, Өзінің кіндігінен айналып жүр. Өзіне назар салып қарасаңыз, Келбеті жер жүзінің көрініп тұр./Глобус/./
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments
Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
/Кітап/
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
/Оқу/
Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.
/Қалам/..
Бір ыдыс әркімдерге болған аян,
Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян.
Әркімнің қолында жүр оның суы,
Ол судан ақыл табар барлық адам.
/Сия
Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/Глобус/./