Қоғамдық география - зерттеу нысаны түгелдей қоғамды немесе оның құрамдас жеке элементтерін не қырларын (аспектілерін) аумақтық ұйымдастыру болып табылатын барлық географиялық ғылыми пәндердің жиынтығы; географияның негізгі бөлімдерінің бірі болып қалыптасып, физикалық географиямен бірге географиялық ғылымның бірыңғай жүйесін құрайды.
Тарихи жағынан географияның қоғамтану тармағы экономикалық географиямен, 1960-1970 жылдары — әлеуметтік-экономикалық географиямен ұқсастырылды. Қоғамдық құбылыстарды зерттеуде географиялық әдістерді кеңейту мен тереңдетудің нәтижесінде бұрынғы дәстүрлі салаларға қоса географияның жаңа түрлері пайда болды. Олар: рекреациялық география, мәдениет географиясы, саяси география, медициналық география, этногеография, геодемография, әскери география, тарихи география. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде қоғамдық география орнына "әлеуметтік география" термині қолданылады.[1]
Answers & Comments
Ответ: