Қоғамның негізін қалаушы құрылым — отбасы. Отбасы қаншалықты күшті болса, онда
өсіп жетілген балалардың құрайтын қоғам да денді, қуатты болады. Отбасы өзара құрмет,
махаббат мекені деген сөз. Бір-біріне құрметі жоқ жанұялар мен отбасылық құрылымын
жоғалтқан қоғамдар күйзеліс ішінде өмір сүреді. Өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала
жақсылыққа бейім болып өседі. Біздің дәстүрлі отбасымыз онсыз да мейірім, өзара
құрмет, махаббат негізінде құралған. Отбасында әркімнің орны қандай, кімнің міндеті
қандай, кімнің қай жерде отыратыны, кімнің жолы үлкен, бәрі орныққан.
Түркі халықтары, жалпы мұсылман халықтарының тарих бойынша өркендеуіне, ал қиын
кезеңдерде жойылып кетпеуіне себепші болған маңызды факторлардың бірі — дәстүрлі
отбасылық құрылымы. Бізді біз етіп ұстап тұрған күш — отбасыдан алған тәрбие,
отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды. Рухани
құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре алмайды. Өмір ағысында
алдарынан не шықса да, ол жанұя бүкіл қиындықтарға бірге төтеп береді, тіпті шыңдалып,
одан да күшейіп артынша келетін көркемдіктерімен, қуаныштарымен де бөліседі. Өмірді
мәнді ететін де осы емес пе, бөлісу... Ащыны да, тұщыны да, жоқтықты да, молдықты да...
Алайда бұл дәрежеге жету үшін мол сабыр және ерен еңбек керек. Еңбексіз ештеңе
өнбейді.
Ананың бала-шағасына жасаған дұға-тілектері баланы қорғаштап жүреді. Баланың ата-
анасын разы етуі, қуантуы оған Жаратқанның құт-береке есіктерін ашады. Үлкендерді
ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп болады. Осы негіздерді ұстанып,
осы негіздерді сезініп өстік.
1. Мәтін бойынша дұрыснемесе бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз
Сөйлемдер Дұры
Бұры
с
1 Қоғамның негізін қалаушы құрылым — отбасы
2 Өзара құрмет, мейірім ішінде өскен бала жақсылыққа бейім болып
өспейді.
3 Бізді біз етіп ұстап тұрған күш — отбасыдан алған тәрбие,
отбасымызға берген қадір қасиет, махаббат, отбасы бірлігі болды
4 Үлкендерді ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге
себеп болмайды.
5 Рухани құндылықтарына ие нағыз жанұяны ешкім тізе бүктіре
алмайды.
Answers & Comments
1 дұрыс
2бұрыс
3дұрыс
4бұрыс
5дұрыс