Футбол - әлемдегі ең танымал командалық спорт түрі. Футболдың алғаш 1863 жылы Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі.
Футбол ойынындағы екі командада он бір - он бірден ойыншы болады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын қырық бес минуттан тұратын «тайм» деп аталатын екі кезеңнен тұрады, кезеңдер арасында 15 минут үзіліс бар. Бекітілген ережелерге сәйкес өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Ойынның негізгі мақсаты: қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе қолдан басқа дене мүшелерімен қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу және өз қақпасына салғызбау болып табылады. Қақпаға салынған доп «гол» деп аталады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей көлемде гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (он бес - он бес минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жұптары өткізіледі.
Алаңда футболшылар ойын шарттарын бұзған жайдайда төреші оларға карточка беріп, ескерту жасайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.
Answers & Comments
Ответ:Футбол туралы.

Топтау сан есімдері қою әріппен жазылған.
Объяснение: