Қазақ халқы төрт түлік малды асыраған.Төрт түлікке-түйе,жылқы,сиыр және қой-ешкі жатады.Бабаларымыз төрт түліккеерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрікиімі, әрі көлігі, қымызы -ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік маласа қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірітанысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» депамандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қанақоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын,қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орындыпайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным,қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: