Ойтүрткі сұрақтар:
1.Олимпиадалық ойындар қайдан шыққан?
2.Олимпияданың мақтанышы не?
3.Зевс ескерткіші туралы не білесіңдер?
Салт етістіктер
Тура объектіні қажет етпейтін,табыс септігіндегі сөзбен тіркеспейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады.Мысалы: келеді,барады,шықты, жүгірді, айтты,т.б.
Түрлі қосымшалар жалғау арқылы салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыруға болады.
Мысалы:
Салт
Сабақты
Сабақты
Салт
Шам сөнді.
Гүл өсті.
Шамды сөндірді.
Гүлді өсірді.
Сабақ айтты.
Үй жинады.
Сабақ айтқызды.
Үй жиналды.
1-тапсырма.Топтық тапсырма.Мәтінмен жұмыс.
1. мәтіннен негізгі ақпаратты табады.
2.мәтіннен қосымша ақпаратты табады.
2-тапсырма.
Оқылым мәтіннен салт етістікті тауып,сабақты етістікке айналдырыңдар.
Қазақ жерінде бокстың дамуы
Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді.
Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі «Темп» спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің «Динамо», «Спартак», «Медик» пен Қарағандыдағы - «Угольщик» спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан. Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. срочно пжж 20 баллов
Answers & Comments
Ответ:
1. Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды.
2. Ұту, өз халқына жақсы жаңалық алып келу.
3. <<Зевс ескерткіші>> әлемнің жеті кереметінің бірі.
2-тапсырма
Шыққан, алған, танылды, құрылған, тапқан.