Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы

Мәтінді мұқият оқы. Тезистік сөйлемге қарап эссе абзацтарын ретімен орналастыр.

Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы

Қазақ халқының қолөнері, атап айтқанда, оюлары әлемдік өнертанушылар тарапынан жоғары бағаланған өнер туындысы. Алайда қолөнер бұйымдарын бір арнада тоғыстыратын қазақтың ою-өрнектері ең маңызды атрибут. Қазақ зергерлері тұрмыстық заттарды ағашқа ою ойып жасаған. Күміс пен алтынды, қорғасын мен мысты, жезді қолданып та зерлі ыдыстарды, әшекей бұйымдарды жасаған. Малдың терісі мен жүнін пайдаға жаратып ою-өрнектермен көмкерілген киімдерді қолдан тіккен.

Түсті металдарды балқытып, зерлі әшекейлерді, ыдыстарды, тұрмысқа пайдалы жабдықтарды жасаған адамды Зергер деп атайды. Аталған шеберлердің қолөнер туындысына қарап оның көңіл күйін, болмысын, мінезін, тұратын мекен-жайын, тіпті шаруашылығымен танысуға болады. Зергерлер өз айналасындағы сұлулықтың барлығын қолөнер бұйымдарында көрсете білген. Мәселен, жүзік, сақина, білезік, шашбау, сырға, таға, белдік, кісен, зерлі табақ т.б. жасауда қошқардың мүйізін, аша тұяқтарды, билеген талдарды бейнелеп өрнек салған.

Қазақтың қолөнер шеберлігі алаша, кілем, киіз жасауда, киім түрлеріне ойып салынған өрнектерден айрықша аңғарылады. Бұл қолөнер туындыларын үй шаруасында жүрген қыз-келіншектер мен әжелер айналысқан.

Ағаштан түйін түйген ұсталар өз шеберханаларында ертоқымды, ағаш ыдыстарды, ат-әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын түрлі өрнектермен безендіріп жасаған. Ағаштан жасалған бөшкелер, ат арбалар берік болуы үшін тобылғы сынды мақты ағаштар таңдалған. Ағашқа өрнекті ойып салған. Ағашты бояп немесе күйдіріп, ою түстерін құбылтып отырған.
ребят, помогите пожалуйста

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.