Алматы қаласындағы «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы Суретші-монументалист В.С.Твердохлебовтің ең танымал жобаларының бірі. Субұрқақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы ғимаратының жанында 1980 жылы орнатылған. Бүгінде әсем келбетімен қала тұрғындарыныың сүйікті орындарының біріне айналған бастапқы әсем келбетін жоғалтпаған бұл субұрқаққа 39 жыл толып отыр. Бұл субұрқақтың сәулеттік жобасының авторы В.Кацев, ал аңдардың мүсіні мен комопзициялық идеясы мүсінші А.Татариновпен бірге сомдап шығарылған.
Он екі қырлы келген субұрқақтың ортасында күн орналасқан. Күн формасы 365 данадан тұратын бұйраланған ирек таяқшалардан тұрады. Бұл таяқшалар бір жылдағы 365 күнді белгілейді. Әлемге нұрын шашқан күннің айналасында он екі қола аң бейнелері ерекше композициялық шешімде берілген. Субұрқақтың ішкі түбінде лотос гүлі тәрізді жайқала ашылған формаға аспан әлемі көркемделген.
Субұрқақ бассейнін қоршаған пішіндер күнтізбенің 12 жылдық циклын көркемдейді: тышқан жылы, барыс жылы, ұлу жылы және т.б. Олар Алматы қаласындағы электромеханика заводында қоладан құйылған. Шығыс халқының 12 жылдық күнтізбесінің барлық ерекшеліктері ескеріліп, алдын – ала мамандардан кеңес алынды.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
Алматыдағы «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы.