Ораз бен Арман адал достар. Екеуі бір мектепте оқиды. Олар көрші тұрады. Бір
күні Ораз бен Арман есік алдында доп ойнап жүрді. Екеуі допты ұзын аяқтарымен әрі
тепті, бері тепті. Ашық тұрған қораның (сарай) есігін қақпа (ворота) етіп алды. Енді
қоңыр допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті.
Ораз үлкен добын қараңғы қораның ішінен іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып
алды да сыртқа беттеді. Сол кезде дәлізде тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт
төгіліп қалды. Ораз не істерін білмей тұр.
-Қорықпа. Сүтті мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Арман.
-Мен өтірік айтпаймын. Байқаусызда төгіп алдым деп, шындықты айтамын, - деді
ақылды Ораз.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.