Орманға барғым келеді

Мәтінді тыңда, сұраққа жауап бер.

Алан мен Дана күн тәртібін жоспарлап үйренген. Дана демалыста орманға барғысы келеді. Бұл туралы отбасы мүшелерімен ақылдасқан жоқ.

Алан:

– Дана, демалыстағы жоспарың қандай?

Дана:

– Кеше Айдана ата-анасымен орманға баратынын айтып еді. Менің де орман жаққа барғым келеді.

Алан:

– Онда үйдегілермен ақылдасайық. Орманда серуендеген жақсы. Таза ауамен тыныстап, жасыл желекті тамашалаймыз.

Демалыс күндері Алан мен Дана ата-аналарымен орман жаққа баруды шешті. Барлығы орманда серуендеп жүргенде, атасы қурап қалған ағаш пен ластанған бұлақты көрді.

Атасы: «Мына ағаш қуарып, бұлақ ластанған екен», – деп терең күрсінді.

Мұны байқап қалған Дана: «Ата, бұл ағаштың қуару себебі не? Бұлақ неге ластанған?» – деп сұрады.

Атасы: «Ағаштың қурауы, бұлақтың ластануы түтіннің салдарынан ғой. Қоршаған ортаны сақтап қалу үшін түтіннің шығуын азайту қажет. Эко-белсенділер дабыл қағуы керек», – деді. «Ата, табиғаттағы байлықты сақтап қалу үшін болашақта мен экология маманы боламын», – деп Дана атасының көңілін көтеріп тастады.

Демалыста отбасы мүшелері қайда баруды жоспарлады?​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.