Орманда көңілді тиін өмір сүреді. Тиін бұтақтан бұтаққа секіреді. Бір кезде тиін ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап түседі. Қасқыр ашуланып, оны жегісі келеді. Тиін қасқырға жалынады:
- Мені жеме,жіберші! Дос болайық, - дейді.
Қасқыр:
- Жарайды,жіберейін.бірақ сен маған айтшы: сендер,тиіндер,неге әрқашан көңілдісіңдер? әрқашан секіресіңдер,ойнайсыңдар. Мен әрқашан ашуланамын.
Сонда тиін:
- Мен сенен қорқамын. Мені жіберші. Мен саған сонда айтамын, - дейді.
Қасқыр тиінді жібереді. Тиін ағаштың басына шықты. Бұтақтан бұтаққа қайта секірді.
Сосын тиін былай дейді:
- Қасқыр, сен залымсың. Сен бәрін қорқытасың. Сенен барлық аң қорқады. Ешкіммен сөйлеспейсің. Сені ешкім жақсы көрмейді. Сондықтан әрқашан ашуланасың.
Біз, тиіндер,көңілдіміз. Біз залым емеспіз. Біз ешкімді қорқытпаймыз. Ешкімге жамандық жасамаймыз, біз мейірімдіміз.
Қасқыр:
- Мен енді ешкімді қорқытпаймын. Тиін, саған сөз беремін! Залым болмаймын.
Мейірімді боламын, - деді.
Сол күннен бастап қасқыр мейірімді болуға тырысып жүр. Қасқыр тиіннен ақыл сұрайды.
Тиін қасқырға ақыл айтады. Дос болсаң,адал,мейірімді бол! Сен қандай доссың?

1.Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. (Напишите название текста)
_________________________________ ___________________________ [1]

2. Берілген сөздің антонимін мәтіннен тауып жазыңыз. ( Найдите антоним к слову )
залым ____________________________________________________________________ [1]

3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз
( По содеожанию текста ответьте на вопросы)

А) Қасқыр қандай болуға тырысып жүр? _______________________________________________________________________ [1]
В) Қасқыр кімнен ақыл сұрайтын болды? _______________________________________________________________________ [1]

4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. ( Расположите по прядку события текста)
I қасқыр мен тиіннің әңгімесі.
II тиін мен қасқырдың кездесуі.
IІІ қасқырдың тиінді тыңдауы.
A ) II, I, ІІІ
B ) ІІІ, II, І
C ) II, IІІ, І
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.