Түркілердің даналық мұрасы «Қорқыт ата кітабы» жайлы зерттеу жасағандардың қатарына біз әріге бармай, ауыл маңындағы адамдардың есімін қосып жүр екенбіз. Ақиқатында, «Қорқыт ата кітабына» ХІХ ғасырдың басында-ақ әлем жұртшылығы назар аударып, бүкіл дүние ориенталистері жабыла сөз қозғап, шығыстанушы ғалымдардың көбісі зерттеу жасапты. Бұл күрделі мәселеге бармас бұрын сол түркі халқының даналық мұрасын тұңғыш рет тұтастай алып аударма жасаған В.В. Бартольд еңбегіне шұқшия үңілдік. Оған дейін германиялық ориенталист Г.Ф. Диц 1815 жылы «Қорқыт ата кітабының» Дрезден нұсқасындағы сегізінші тарауын, кітап сөзімен айтқанда «Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы баяны» атты жырды аударды, оған рахмет. Академик В.В.Бартольд Дрезден кітапханасында сақталған 12 жырдан тұратын қолжазба бойынша аударма жасаған ғой, сол қасиетті мұра нұсқасына да сүйіспеншілікпен назар аудардық. Біз сөз етіп отырған ғалым «Қорқыт ата кітабын» қара сөзбен тәржімалаған.
В.В. Бартольд аудармасының алғашқы бетіне осы кітап жайлы шағын көлемде мәлімет, түсініктеме мақала берілген. Біз әуелгі сөзімізді сол кітаптың бірінші бетіндегі мақаладан бастауды жөн көрдік. Сосын, әйгілі ғалым В.В. Бартольдтың «Түрік эпосы және Кавказ», «Көркуд», «Қорқыт туралы тағы мәлімет» деген мақалаларының сыр-сипаты жайлы сөз қозғап болып, академик В.М.Жирмунскийдің «Оғыздардың батырлық эпосы және «Қорқыт кітабы» деген көлемді мақаласындағы ой-толғамдарды көңілге түйгеннен кейін өз әлімізше «Қорқыт ата кітабына» зерттеу жасауға талпыныс жасалынады. Әуелі жоғарыда аталған еңбектерді оқып, солар жайлы ой-пікір білдірмей аттап кету әбестік болар.
Сонымен, В.В. Бартольд аударған «Қорқыт ата кітабының» орысша тәржімасының алдыңғы жағына берілген шағын мақалаға тоқталайық. Осы дүниені В.В.Бартольд аударған атақты эпосты шығарушылар алқасы жазғаны анық. Мұнда «Қорқыт ата кітабы» оғыздардың ортағасырдағы батырлық эпостық ескерткіші болып табылады делінген. Шынында солай, оған қосыламыз. Ортағасырдағы оғыздармен этникалық және тілдік жағынан қазіргі үш түрік тектес халықтар – түрікмен, азербайжан және түркия елдері етене байланыста. Бұл кітапта сол халықтардың өткен тарихын баяндайтын эпикалық толғаулары жинақталып, елеп-екшелініп, көркем тілмен жеткізілген. Сондықтан «Қорқыт кітабы» әсіресе, тарихшылар мен этнографтардың қызығушылығын тудырады. Өйткені, осы шығармада көшпелі түрік тайпаларының дәстүрі, салты, ерлігі, тұрмысы, сосын соғыс және бейбітшілік кездердегі тіршілігі, бәрінен бұрын олардың өмір сүрген дәуіріндегі өзіндік ерекшеліктері шынайылықпен берілген.
Академик В.В. Бартольд аударған «Қорқыт ата кітабын» шығарушылар жазған бұл алғысөзде осы эпостық шығарма қазіргі кезеңде орыс, германия, түркия, италия тілдеріне аударылғанын мәлімдейді. «Қорқыт ата кітабын» зертеудің негізін қалаған, Ресейдің атақты тарихшысы, шығыстанушы, академик Василий Владимирович Бартольд. Ол мына шығарманы тарихи және фольклорлық тұрғыда зерттеудің негізін салып берді. Бұл мұраны танып, игеруге талпыныс жасаған түркия, германия, италия ғалымдарының жариялаған еңбектеріне зер салсақ, олар академик В.В. Бартольд салған зерттеу тәсілдерін жалғастыра пайдаланған.
Әйгілі ғалымның «Қорқыт кітабына» қызығушылығы 1890 жылдың басында пайда болған. Сол тұстан бастап ол өмірінің соңғы кезіне дейін сол даналық мұраны зерттеумен айналысты. В.В. Бартольд сол әйгілі ескерткішті 1922 жылы толық аударма жасап бітірді. Оған дейін бұл ғалым «Қорқыт ата кітабындағы» 12 жырдың төртеуін ғана аударған еді. Осы толық аудармасын ол А.М. Горький басқарған «Бүкіләлемдік әдебиет» баспасына тапсырады. Бірақ, бұл еңбегінің жарыққа шыққанын көрмей кетті. Азербайжан ғалымдары Г. Араслы мен М. Тахмасиб В.В. Бартольд аудармасына кейбір нақтылау, түзетулер жасап Баку қаласынан шығарды. Дегенмен бұл басылым жұршылыққа кең көлемде тарамады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
маңызды жерлерін жаз)