Қоспанның бетін шымырлатып, аяз лебі қарып өтті.Теріскейден ызғар лебі келе жатыр.Ышқына соққан зәрлі жел ауаны осып-осып жіберді де, ішін тартып тына қалды.Тыныш жатқан малдың ұйқысы бұзылып, өре тұрды. Қоспанның да көңілі бұзылып қоя берді.
Бұрқыраған қарлы боран қаптап келеді.Желдің тығыны қайтадан ағытылып кеткендей қалыңдап, жауған жапалақ қарды түтіп ала жөнелді..Жел қатая түсті.Алды өр сияқты.Аумағы көрінбейді.Қойдың алды тоқырап қалып еді,жел жағындағылары ұйлығып кеп, лықсытып итеріп әкетті.Қоспан жер шамасын болжамаққа атына мініп,ілгері жүрді.Еш нәрсені көре алмай, ой –шұқырды аттың тұяғымен ғана өлшейді.алды арқан бойы сұрғылт тартып, ар жағы теңселген қара түнекке тірелді
1.Мәтіннен грамматикалық, логикалық интонациясы бар бірнеше сөйлем жаз
2. Шылау кездескен сөйлемдерді тауып жаз
Answers & Comments
Ответ:
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар түрленбейді.
Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер
Жалғаулықтар
Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, бірыңғай сөз тіркестерінің және бірыңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.
2. Қарсылықты қатынасты біліретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.
Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:
салаластырғыш жалғаулықтар және
сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.
Септеуліктер
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.
Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді.
Атау септікті меңгеретін септеуліктер
Үшін
Сайын
Сияқты
Туралы
Арқылы
Бойы, бойымен
Шамалы, шақты, қаралы
Ғұрлы (ғұрлым)
Барыс септікті меңгеретін септеуліктер
Шейін (дейін)
Қарай, таман
Салым, тарта, жуық, таяу
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер
Гөрі
Бері
Кейін
Соң
Бұрын
Бетер
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер
қатар, бірге, қоса
Демеуліктер
Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.
Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар
сұраулық
шектік
нақтылық
күшейткіш
болжалдық
болымсыздық
қомсыну
демеуліктері болып бөлінеді.