Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол
отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Әлібектің отбасында бес
адам бар. Оның отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар
ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету
арқылы өзара сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі
мейрамдар сайын отбасы мүшелері атасы Ермек пен өжесі Күләштың
шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріне деген
құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық
рухани
құндылықтар біріктіреді.
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне
байланысты әр түрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан,
келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған.
Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу,
мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық дәстүрлер
ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той,
тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге
тойлайды.
Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін беру
және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-
біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ
тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады. Себебі «Отан отбасынан
басталады».
Жалпы есім
Жалқы есім
1.
1.
2.
2.
3.
3.
Answers & Comments
Ответ:
Ермек Күләш Әлібек т/б