ответи на вопросы дам 30 балов !!!!!
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс – топ алдында, табан астында
суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың бәдік айтыс, жануар мен
адамның айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс деген түрлері бар.
Бәдік айтыс – айтыстың ең көне түрі, адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни
нанымға байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.
Салт айтысының ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыс – өнер бәйгесі, сөз сынағында әр
ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:
– бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;
– алдын ала белгіленген тақырып пен уақытқа сай арнайы жиналған елдің алдында
сайысқа түседі.
вопросы
1. Айтыс қандай сайыс?
2. Бәдік айтыс дегеніміз не?
3. Салт айтысының ескі түрі қандай?
4. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі қандай?
5. Басқа қандай айтыс түрлерін білесің?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.