Спорт - денсаулық кепілі

Спорт – денсаулық кепілі. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Спортпен
айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды және көңіл күйі көтеріңкі болады.
Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей,
шаңғы тебу, суда жүзу. Спорт адам денсаулығына өте пайдалы. Спорт адам өмірін
ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын
ояту үшін мектеп бағдарламасына дене шынықтыру пәні енгізілген.
Біздің отбасымызда да анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды
қалайды. Мен күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі
жаттығулар жасаймын. Аптасына үш рет «каратэ» спорттық секциясына барамын.
Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Спорт дегеніміз -
адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы. Денсаулық - зор байлық. Денсаулық мықты
болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі,
тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз./Ответьте на вопросы по
тексту
1) Спортпен айналысқан адам қандай болады?
_____________________________________________________________________________
2) Спорттық ойындардың қандай түрлерін білесің?
_____________________________________________________________________________
3) Спорт дегеніміз не? _____________________________________________________
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.