September 2021 1 17 Report
Ответьте на вопросы по тексту,пожалуйста прошу,вопрос жизни и смерти...
Жомарт
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын таныстары сұрады дейді.
- Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киім, үйсіздерге үй болдыңыз, сөйте тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. Жомарт айтты дейді:
- Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді, сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бишаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұным кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: құдай-тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, - деді.
1. Әңгіме неге жомарт аталған?
2. Жомарттық танытқан қарттың есімі кім?
3. Атымтай жомартқа сұрақ қойғандар кімдер?
4. Қарт не деп жауап берді?
5. Әуелгі себебі көңілге қонымды ма?
6. Қарт тұжырымдаған өзге де себептер қандай еді?
7. Өмірде дәулетті адамдардың бәрі осылай ойлай ма?
8. Жомарттықты қалай түсінесің?
9. Атымтай жомартқа мінездеме беріңіз
10. «Дүниеқор дүниенің құлы» мәтелінің м азмұнын түсіндіріңіз.

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.