ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыныз және сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақ күресі Қазақ күресінің Олимпиада және Азия ойындарының спорт бағдарламасына енуі мүмкін. Бұл туралы бүгін «Қазақстан Барысы» казак күресін дамыту қоры өткізген баспасөз мәслихатында айтылды. Алайда ол үшін қазақ күресі өз елімізде қарқынды дамуы керек. «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы», «Жас барыс» және енді өтетін «Әлем барысы» осы бағытта жасалган жұмыстардың бір бөлшегі. «Болашақта қазақ күресі әлемдік деңгейге көтерілетін болса, онда оның атауын бір халықпен байланыстыру шетелде кедергілерге тап болуы мүмкін. Біздің басты мақсат қазақ күресі арқылы қазақтың болмысын көрсету. Себебі Жапонияның сумосы да Олимпиадалық спорт бағдарламасына кірмейді. Алайда спорттың осы түрі арқылы бар әлем жапониялықтарды таниды» - дейді Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев. «Қазақ күресін Олимпиадалык спорт багдарламасына енгізу үшін көп жұмыс атқару керек. Осы уақытқа дейін де көп іс атқарылды. Біз ДЗЮДОНЫҢ олимпиадалық спорт түріне айналғанын зерттеп жатырмыз. Ең алдымен біз бүл спортты өз елімізде дамытып, насихаттау қажетпіз. Екіншіден, үлкен жарыстар арқылы оны әлемге танытып, мойындату қажет. Мысалы, қазақ күресі Азия ойындарының қатарына енуі мүмкін. Біз хат жібердік» -деді ҚР Мәдениет және спорт вице- министрі Тастанбек Есентаев. 1.
2.
3.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.