Оқылым

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге ат қой.Үш сұрақ құрастыр.


Қазақ ұлттық мәдениетінің көне әрі аса құнды салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою-өрнек. Ою-өрнектер – әсемдік пен сәнділіктің белгісі. Сонымен бірге халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны. Ою-өрнектің мазмұнды ерекшеліктері сан алуан. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы сүйек ою өнері, ағаш ою өнері деген сөздер – сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері.
«Қазақстан ұлттық энциклопедиясынан».
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.