ОҚЫЛЫМ 5-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырыбын қой. Мәтін мазмұны бойынша парталасыңа сұрақ қойып, жауабын бағала. --- Ауа райын болжау белгілі бір аймақтың алдағы уақыттағы ауа райы жағдайы туралы ғылыми мәлімет. Бұрын күн сәулесін, бұлттар- ды және басқа да табиғат құбылыстарын бақылай отырып, ауа райын алдын ала болжайтын. Ұлан-байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерді табиғат аясын- да, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көпжылдық тәжіри- белерін қорытып, аспан әлемі туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жинақтаған. Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын күн мен түн- нің, жыл мезгілдерінің, ай жаңалануының алмасып отыруын мұқият бақылап, есептей білудің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі үшін ора- сан зор тәжірибелік маңызы болған. Қазақтар осы есеп арқылы жайлау- ға қай уақытта көшу, күзеу және қыстауға қашан келу, қойды қай уақытта қырқу, қай мезгілде мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылыққа қолайлы мерзімдерді дәл басып, нақты белгілеп отырған.

Помогите пж​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.