ОҚЫЛЫМ Чтение Мәтінді мұқият оқып, томендегі тапсырмаларды орындаңыз Су – тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ігуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, галамшар тұрғындары тек бір пайыз суды гана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру. Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судагы таза энергия көп ауруларға ем болады»,- деп жазды. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен. Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен. 1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай берілген 2 дұрыс ақпаратты ажыратыңыз. дұрыс бұрыс Ақпараттар Жер бетіндегі судың 70 пайызы ішетін су болып саналады. Халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Ересек адамның денесінде 74-75 литр су болады. Су теріні ылғалдандырып, сауықтырады,


срочноооооо пж дам 30 баллов
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.