Оқылым материалы
"Саятшы Ораз"
(үзінді)
...Саятшы Ораз мылтықшы екен және жалғыз оқты шитімен ғана атады екен.
...Ораздың мылтықшылығы осындай болса, құсбегілігі одан да бетер болған. Есін білгелі қыс бүркіт
салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.
-Менің малым көп, - деп қалжындайды екен Ораз.
-Қайдағы мал? – деп сұрағандарға:
-Көктің құсы, жердің аңы түгелімен менікі, олар барда мен аштан өлмеймін, көштен қалмаймын, - дейді
екен.
Р
Ораз әр күні қоржының толтыра аң əкелмей қоймайды екен. Соның бәрін өз пайдасына жұмсаса, оның
байып кетуі мүмкін ғой. Бірақ өйтпейді Ораз. Ол атқанын я ілдірген аңдарын адамдарға үлестіріп, өз үйіне
бірер күнге азық әкеледі екен.
Ораз қыстыгүні күзен, тышқан, түлкі, қасқыр сияқты аңдарды да көп аулаған. Бірақ солардың да терісін
сатып, пайда қылмай, кім көрінгенге сауғаға бере берген.
Оның аса дос көретін тобы - балалар еді. Жазда, қыста аңға шықса, қасында балалар қаптап жүретін.
Caуғaсын ол балалардан да аямай, күндік олжасын үлестіріп беретін, бүгін құр қалған баланы ертең риза
қылатын.
Жасы алпыстарды орталанған Ораздың денесі тіп-тік, жүрісі шаптаң. Ол ит терісінен істеген үлкен
биялайын оң қолына киеді де томағалы бүркітін жұдырығына қондырып:
-Ал, кәне, жүріңдер, балалар! - деп жөнеле береді.
Тапсырма: Әңгімедегі бас кейіпкердің іс-әрекетіне баға бер.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.