ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. 5 балл
1. Мәтінге қандай ат қояр едіңіз?

2. Мәтінді құрастырарда автор қандай идеяны ұстанды деп ойлайсыз?

3. Автордың сөзімен айтқанда, Домбыра неден жаралған?

4.Домбыра нені ұрпағына аманат қып жолдаған?

5. Мәтін мазмұны бойынша домбыра – ол не?
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.