Оқылым. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар.

Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру. Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады.
СҰРАҚТАРЫ

1. Автордың айтпақ болған ойын анықтап жазыңдар.

2. Мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтаңдар

3. Автордың мәтінді жазудағы мақсатын түсіндіріп жазыңдар

4. Мәтіннен термин, неологизм сөздерді теріп жазыңдар.

ПОМОГИТЕ СРОЧНО ЭТО СОЧ

ЕСЛИ ХОТИТЕ КТО СКАЖЕТЬ ТОМУ ДАМ 10 БАЛЛОВ + ЗА РАБОТУ СРОЧНО
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.