Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың қалай? Отбасың аман ба? Өзім туралы
айтсам, үй-ішім аман, сабағым өте жақсы. Менің еліміздің тарихына ерекше қызығушылық
танытатынымды сен жақсы білесің ғой. Осы хатымда саған ел тарихындағы батыр әйел Тұмар
патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді.
Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған
екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім
бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне қарсы аз ғана әскерін қалдырып,
кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы
әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым
Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына
намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен
соғысады. Нәтижесінде массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді.
Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа
батырып, сертін орындаған екен.
Әнуар, тарихымызда ерлермен қатар ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп жүргеніміз
қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең, менімен бөлісуіңді өтінемін. Хат
күтемін. Сау бол!
Сәлеммен досың Айдар (198 сөз)
1-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз
1. Мәтін Cтилін анықтаңыз.
и
жарнама
хат
хабарлама
өтініш
Срочно
Answers & Comments
Відповідь:
1)хат
Пояснення:
Хат в переводе письмо а там обращаются к другу.