ОҚЫЛЫМ
-тапсырма. Мәтінді оқы. Екі мәтіндегі ақпаратты салыстыр.
А
1. Түркістан Қазақстан Республикасындағы тарихи қала. Ол бұрын
«Ясы» деп аталған. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының
орталығы болған. Осы кезден бастап қала «Түркістан» деп атала бастаған.
1903 жылы Түркістанда теміржол вокзалы салынды. Қазір де Түркістанды
дүниежүзі біледі. Ол «қасиетті жер» саналады («Балалар» энциклопедия-
сы).
2. Ахмет Ясауи кесенесі – Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында
тұрғызылған тарихи ғимарат. Ол XII ғасырда өмір сүрген, бүкіл Шығысқа аты
әйгілі ақын – Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған.
Ахмет Ясауи Оңтүстік Қазақстанда, «Сайрам» деген жерде туған. Оның
«Диуани хикмет» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы
бірнеше рет басылған. Ахмет Ясауи өлеңдері жақсылыққа, әділдікке
шақырады. Халықты басқа діндегілермен жауласудан сақтандырады.
Кесене 1978 жылдан бастап музей ретінде жұмыс істей бастады
(«Отырар» энциклопедиясынан).
+Составить 5 вопросов по тексту. Дам 20 баллов СРОЧНО
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Түркістан қандай қала? (Қазақстан Республикасындағы тарихи қала)
2. Түркістанның бұрынғы атауы? (Ясы)
3. Түркістан қашаннан бастап Қазақ хандығының орталығы болған? (Есім ханнан бастап)
4. Түркістанда теміржол вокзалы қашан салынды? (1903 жылы)
5. Ахмет Яссауи кесенесі қай жылдан бастап музей ретінде жұмыс істей бастады? (1978)
Бірінші мәтінде Түркістан қаласы жайлы айтылса, екінші мәтін - Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесі туралы.