ОҚЫЛЫМ тапсырмасы.
Мәтінді оқып, оның жалпы мазмұнына қатысты 2 сұрақ, мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырыңыз.

Жалпы мазмұнға қатысты 2 сұрақ
1)_______________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________

Нақты ақпараттарға қатысты 3 сұрақ
1)_______________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________________
3)_______________________________________________________________________

Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекеттәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әртүрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемді кетуі. Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспективалы.Қазіргі кезде кез-келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киеді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.
Стиль ( лат. Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.Киімде бірнеше: классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стильдер болады.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.