Оқылым тапсырмасы:
Мәтінді мұқият оқы.
Тараз өңірінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп. Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны - атақты Айша бибі кесенесі. Ол ХІІ ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болып саналады.
Қарахан мен Айша Түркістанда кездескен сәттерінде-ақ бірін-бірі ұнатады. Жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты. Сүйгенін күтіп-күтіп төзімі таусылған қалыңдық Таразға қарай өзі жолға шыққан екен. Жолда өзеннің жағасына біраз дем алуға тоқтаған Айша маужырап ұйықтап кетеді. Сол сәтте оны жылан шағып алады. Денесін у жайлап бара жатқан қалыңдық дереу Қараханға хабар бергізеді. Хан жеткенде қыз екі дүниенің ортасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін сол жерде қиғызады
Мәтіндегі ақпараттардың дұрыстығын жаз.
Мәлімет
Дұрыс
Бұрыс
Тараз өңірінде әулиелі жерлер мен кесенелер көп.
Қарахан мен Айша Түркістанда кездескен сәттерінде-ақ бірін-бірі ұнатпайды
Жаугершілік заманда дұшпандарымен соғысып жүрген Қарахан уәделескен күні Айшаға келе алмапты.
Қарахан әкесіне екеуінің некесін сол жерде қиғызады.
Мәтін бойынша бес сұрақ құр.
Answers & Comments
Ответ:
1) дұрыс
2) бұрыс
3) дұрыс
4) бұрыс
1-інші сұрақ) Олардың арасынан бірінші тілге тиек болатыны қайсысы?
2-інші сұрақ) Айша бибі кесенесі қай ғасырдың ескерткіші болып табылады?
3-інші сұрақ) Қарахан соғыстан уәделескен кезде келдіме?
4-інші сұрақ) Айша өзеннің жағасына не үшін тоқтады?
5-інші сұрақ) Қарахан некесін қашан қиғызады?