Оқылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақта «Ауылым – алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері – жерұйық.
Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі. Ауылдың тыныс тіршілігі де өзгеше. Ауыл десе, жайлау еске түседі. Жайлаудың ауасы таза әрі салқын. Самал желі мен бұлақтың суы керемет.
Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Ауыл «Ақбұлақ» деп аталады. Үйдің жанында су ағып жатыр. Ол су таудың етегіндегі бұлақтан басталады. Сондықтан жайлау «Ақбұлақ» деп аталады. Айнала – гүлдер мен ағаштар. Жер кілем секілді жап-жасыл. Жазда ауылдың табиғаты тамаша. Қыста күн суық, қар қалың жауады. Сондықтан қыста шаңғы, шана тебеміз. Жазда салқын, бірақ шілде, тамыз айларында күн ыстық болады. Таудан самал жел соғып тұрады. Мен тауда достарыммен демалғанды жақсы көремін. Біз қызғалдақ тереміз, доп ойнаймыз, алау жағамыз, тамақ пісіреміз, шатыр құрамыз, ашық аспан астында түнейміз.

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын ашатын тірек сөздерді теріп жазыңыз. [1]
2,3 – тапсырма. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
ыстық (антоним) - ____________________________________________________ [1]
тіршілік (синоним) - __________________________________________________ [1]

4 - тапсырма.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастырыңыз.
1. 1. Демалғанды, мен, жақсы көремін, достарыммен, тауда.
2. 2. Болады, таза ауа, дала, тып-тыныш, ауылда. [1]
3.
4. 5- тапсырма. Сұраққа толық жауап жазыңыз.
Мәтіннің негізгі тақырыбы қандай?
___________________________________________________________________________ [1]

ЖАЗЫЛЫМ
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
2. Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.
3. Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз. ( 60-70 сөз.)

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [10]
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.