Оқылым
8-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Адамдардың қиялдауына тән кейбір ерекшеліктер бар:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушы-
дығы мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты
болады. Мысалы, ыстық күнде салқын суды аңсап шөлдеген
Жолаушының қиялы мен сабаққа дайындалмай келгендіктен
мұғалімнің көзіне түспей, құтылып кетуді ойлап отырған оқу-
шының қиялын салыстырып көруге болады;
2) қиялдың әртүрлі болуы адамның жас және дара ерек-
шеліктеріне де, білім, тәжірибесіне де байланысты. Мәселен,
көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, білімді ересек
адамның қиялы мен енді ғана айналасына көз салып, дүниені
тануға ұмтылған жасөспірімнің қиялын салыстырып, бағалауға
болмайды;
3) қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, та-
биғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жа-
ратылыстың құшағында, - деп жазады М. Жұмабаев, - меруерт
себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде,
Күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп,
алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып-өсетін
қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
( «Адам және әлем» кітабынан)
осы матинге жоспар құрау керек.
плизз​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.