Оқылым
Сания Мұратқызы: «Саудада тиімді әдісті таңдай білген жөн»
Сауда, тауар өткізу, сату, сатып алу – бұл әрекеттің барлығы күнделікті тіршілікте жиі орын алатын әрекет. Ал өндірушілердің өткізу нарығында айтулы орын иелену, табысты арттыру, өндірісті тоқтатпауға бірден-бір себеп – клиенттің тұрақтылығы. Бұл туралы «STS» холдингінің сауда менеджері Сәния Мұратқызынан сұрап көрген едік.
Тұрақты клиентті қалай іздеу керек? Жалпы клиент тұрақты болу үшін не істеу қажет?
Жеке кәсіпте клиент іздеу, клиент базасын қалыптастыру, тұрақты клиенттер қатарын толықтыру маңызды. Бизнеске енді қадам басқандар үшін клиент іздеудің әртүрлі тәсілдері бар. Мысалы, бүгінгі және бұрынғы клиенттерді пайдалану. Ол үшін бұрынғы клиенттердің картотекасы жасалып, әрдайым байланыс үзілмеуі тиіс. Мерекелік құттықтаулар, жаңа өнім мен қызмет жайында хабарламалар, қысқа ақпараттар жолданып отырса, әрдайым назарда боласыз. Сондай-ақ тағы бір мысал - визиттік карта тарату. Жаңа таныстық, әңгімелесу, қоштасу барысында байланыс орнататындай мүмкіндікті қалт жібермей, өзіңіздің қызметіңіз туралы қысқа ақпарат беріп, визит картасын ұсынуды ұмытпаңыз. Сонымен қатар өніміңізді өзіңіз жарнамалаудан тартынбаңыз. Көлікте, сөмкеде әрдайым буклет, брошюра, жарнамалық парақтар секілді мағлұматы бар заттар жүруі керек. Ыңғайы туындаған жағдайда бірден табыстап, хабарласып, ескерте салыңыз.
Ал клиент жинау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың маңызы қандай?
. Баспасөз беттері, интернет ресурстары, әсіресе, бүгінгі таңда инстаграмм платформасы сауданы жандандырудың ең тиімді құралы. Сондықтан инстаграммда үнемі өзіңіз айналысатын кәсіп туралы посттарды жиі жариялаған жөн. Строис қызметін пайдаланып, жиі видео, фотосуреттер жариялап тұру керек.
Сіз айтқан кеңестер әмбебеп бола ала ма? Кез келген кәсіпте тиімді ме?
Дәл осы мен айтқан кеңестердің бәрін тұтастай орындау міндетті емес. Дегенмен, қажеттілікке қарай сүйене отырып, өзіңізге тиімдісін таңдау керек. Мысалы, фейсбук сияқты таымдық желілерде ойын-сауыққа қатысты қызмет түрін, киім-кешек, дәрі-дәрмекті жарнамалау жарнамалау тиімсіз сияқты.
Сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен Гүлім Саудабайқызы
1. Интервью жанрына тән басты ерекшелікті көрсетіңіз.
а)Кейіпкерлер жүйесінің болуы мен мазмұнының қызықты сюжетке құрылуы
b)Мазмұнын сұхбат алушы мен сұхбат берушінің арасындағы әңгіме құрайды
c)Мазмұнының иял-ғажайып оқиғалармен, күтпеген шиеленістерге құрылуы
d)Біржақты сезімдер мен ішкі ойлардан тұруы, ішкі дауыстың көрінісі
2. Интервьюдің кіріспе бөліміне тән ақпаратты белгілеңіз.
a)Бұл туралы «STS» холдингінің сауда менеджері Сәния Мұратқызынан сұрап көрген едік.
b)Сұхбатыңызға рахмет!
Тұрақты клиентті қалай іздеу керек?
c)Инстаграмм платформасы сауданы жандандырудың ең тиімді құралы.
3. Сұхбат алушының мақсаты не?
a)Сауданың өтімді болуы үшін клиенттерді тарту тәсілдерін білу
b)Жаңа қызмет, тауар туралы хабарламаларды жолдау туралы білу
c)Фейсбук желісінде тауарды, қызметтерді жарнамалау туралы білу
d)Инстаграмм парақшасында посттардың жарияланымы туралы біл
Answers & Comments
Verified answer
Объяснение:
все по фото, я тоже делаю соч по казахскому языку