Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
Бірде қария немересіне: «Балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су – тіршіліктің нәрін береді; от – өмірге жалын береді; тұз – астың дәмін келтіреді; қыз – өмірдің сәнін келтіреді; ақыл – өмірдің мәнін келтіреді. Адамға ақыл беретін – ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады» деген екен.
Answers & Comments
Verified answer
Мәтіннің аты: “Ата өсиеті”
Мәтін бойынша сұрақтар:
1) Қария немересіне өмір сүру үшін не қажет дейді? ( Су,от,тұз,қыз,ақыл)
2) Өмірдің мәнін келтіретін не? (Ақыл)
3) Адамға ақыл беретін кімдер? ( Ата-ана,ұстаз,дос).